Статистика и аналитика
по внешней торговле Казахстана

Қазақстанның Украинаға экспортының хәлі туралы

2022-02-23
263
2013 жылы Қазақстан Украинаға 2 млрд долларға тауарлар жүктеген. Бірақ оның 1,9 миллиарды шикізат (мұнай, табиғи газ, металлдар, көмір) болды. Жалпы Украинаға арналған экспорттың шикізат пен жартылай өңделген тауарлар үлесі 96% болыпты.
Содан белгілі жағдайлардан кейін 2021 жылы Украина бағытындағы экспорт көлемі 3,5 есе азайып 575 млн долларға дейін құлады. Былтырғы экспорт көлемі де көбінесе шикізат пен жартылай өңделген тауарладан құралған (92%).
Экспорттың 3,5 есе төмендеуі Украинаға табиғи газ бен мұнай сатылымының мүлден тоқтатылуы себеп (олардың көлемі 2013 жылы 1,55 млрд доллар болыпты).
2013 жылы Қазақстандық мұнай тұтынушылары арасында Украина 0,6% үлесін алып 16 орында болғандықтан, бұл бағытты басқа елдерге бағдарлау қиынға соқпады деп ойлаймын. Ал табиғи газ бойынша Украина 2013 жылы біздің №1 сатып алушымыз болатын - Украинаға біздің газдың 62% жіберілген (1,2 млрд доллар). Бастапқыда бұл мәселені Швейцария мен Польшаға нарықтары арқылы шешсек, соңғы кезде біздің газдың 83% Қытайға сатылып отыр. Бұл жағадайдан кейін 2021 жылға дейін газ экспорты көлемі (2012 жылды есептемесек) Украина кесірінен қатты күйзеліске ұшырамады. Тек, 2021 жылы көрші Қытай өзіңің газ тұтынуының төмендету салдарынан 1,3 млрд долларға дейін төмендеді. Демек бұл нарықты басқа нарықтарға бағдарлау сәтті өтті дегеніміз. Бірақ экспорттың 83 пайызын 1 ел тұтынуы жақсы жайт емес екенін де білеміз.
Жалпы 2021 жыл экспортының құрамын қарасақ кейбір позитивті тенденцияларды байқайсыз. Мысалы, Украинаға сұйытылған газ экспорты көлемі 2 есе көбейіп 232 млн долларға дейін жетті. Бұдан басқа бұрын бұл бағытта сатылмаған роликті подшипниктер (2,3 млн доллар), қара металдан жасалған рельстер (1,5 млн доллар), жармалардан алынған ұнтақталған ұн (1,6 млн доллар), өңделген дәнді дақылдардың дәні (16,1 млн доллар), қорғасын батареялары (5,6 млн доллар), трансформаторлар (1,1 млн доллар), кондитерлік өнімдер мен шоколад (0,8 млн доллар) сияқты тауарларды байқауға болады. Демек қазіргі болып жатқан жағдайдан жоғарыда айтып өткен тауарлар өндірушілерінің бизнесі зардап шегуі мүмкін. Енді ғана ел кәсіпкерлері бұл нарыққа шығып жатыр еді, тағы да жаңа ел аралап жаңа сату жерлерін іздеуге тура келеді. Өңделген тауарларға жаңа нарық табу қиынырақ екенін де білеміз...